20 қарашада гимназияда Петропавл қаласының американдық бұрыш өкілдерімен қызықты және танымдық кездесу өтті, онда Американдық және Қазақстандық білім берудің өзекті тақырыптары талқыланды. 8 «А»,9 «Б» және 10 «В» сынып оқушылары американдық бұрыштың жұмысымен танысып, FLEX бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін талқылады. АҚШ-тан келген оқытушы Джесси Дромский-Рид балаларға американдық мектептер туралы айтып,оқу және оқыту тәжірибесімен бөлісті, бұл мәселе оқушыларды қызықтырғандықтан, олар Америкадағы мектептер туралы көп сұрақтар қойды, АҚШ пен Қазақстандағы оқуды салыстырды . Бүкіл кездесу ағылшын тілінде өтті, бұл үлкен жетістік, өйткені native speakers-пен қарым-қатынас әрқашан үлкен қызығушылық тудырады және тілді дамытуға және жетілдіруге көмектеседі.