Гимназияда Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» мерекелік марафоны өтті. Альберт-Дякин, Битановтар,Булов, Камараевтардың отбасылары белсенді қатысты. Барлық қатысушылар “Отбасылық альбом», «Шежіре» сияқты отбасының құндылық негіздерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар өз отбасы тарихына, отбасылық дәстүрлерге қызығушылықтарын дамытады, ересектер мен балалардың қарым-қатынас қажеттіліктерін қалыптастырады.