«Антиконтрафакт» республикалық акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2024 жылғы 1-26 сәуір аралығында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау, контрафактілік өнімді таратуға қарсы күресті насихаттау, сондай-ақ контрафактілік өнімді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Антиконтрафакт» республикалық акциясын өткізеді.
Жоғарыда аталған акция аясында 10-14 жас аралығындағы балаларға арналған «Ортақ болашағымыз үшін инновация және шығармашылық» тақырыбында үздік сурет республикалық конкурс өткізу көзделген.
Қатысуларыңызды сұраймыз (барлық сұрақтар бойынша сынып жетекшілеріне хабарласыңыз)