«Мағжан оқулары» — аса көрнекті қазақ ақыны, жазушысы әрі педагогы, біздің жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың мұрасына арналған беделді республикалық ғылыми-шығармашылық конкурс.
Бұл байқау жыл сайын мектеп, облыс және республика деңгейінде өткізіліп тұрады. Оның басты мақсаты — ақынның бай мұрасын дәріптеу, жастарды кітап оқуға баулу және жас дарындарды анықтау. Байқау аясында қатысушылар Мағжан өлеңдерін жатқа әрі мәнерлеп оқудан бақ сынайды, өз туындыларын ұсынады және отандық тарих пен әдебиетке қатысты зерттеу жобаларын қорғайды. Ақтық кезең дәстүрлі түрде ақынның туған жері — Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылады.
Бүгін гимназия әкімшілігі, ұстаздар қауымы мен оқушылары директор Рахимова Диана Аманғалиқызының бастамасымен «Мағжан оқуларының» Жетісу облысынан келген жеңімпаздарын зор құрметпен және салтанатты түрде қарсы алды.Көптен келе жатқан қазақ дәстүрімен қонақтарға шашу шашылып, ыстық бауырсақ ұсынылды, ал күмбірлеген домбыра үні мерекелік кештің сәнін кіргізді. Гимназия ұжымы шын жүректен поэзия байқауының қатысушыларына
шығармашылық табыс, шабыт пен сәттілік тілейді!