Жазғы алаңға баратын балалар үшін әлеуметтік педагог «қауіпсіз маршрут»интерактивті ойынын өткізді.
Іс-шара соңында балалар жазғы демалыс кезінде қауіпсіз мінез-құлық туралы танымдық бейнероликтерді тамашалады. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелеріне, көшеде және су объектілерінің жанында қауіпсіз демалуға, сондай-ақ Интернет желісіндегі жауапты мінез-құлыққа ерекше назар аударылды.
Алынған білім балаларға жазғы демалысты қызықты, көңілді және ең бастысы қауіпсіз өткізуге көмектеседі!