Бүгін «Гимназия «БЭСТ» КММ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аталған меморандум жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, кәсіби бағдар беру және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл серіктестік оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тәрбие мен білім беру жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Бірлескен жұмысымыз табысты әрі нәтижелі болсын!