Гимназияда 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның портреті»шығармашылық байқауы өтті. Балалар өздерінің жақындарын үлкен сүйіспеншілікпен және қиялмен бейнелеп, қарым-қатынас қуанышын, үй ошағының жайлылығы мен жылуын көрсетті. Мұндай байқаулар балаларға отбасылық құндылықтар туралы ойлауға көмектеседі, шығармашылық арқылы өз сезімдерін білдіруге және отбасымен мақтануға үйретеді.
Барлық қатысушылар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!