23 желтоқсанда гимназияда Республиканың Тәуелсіздік күніне арналған викторина өткізіліп, оған 8 сынып оқушылары қатысты. Викторина ағылшын тілінде өтті және 7 кезеңнен тұрды. Оқушылар Отанымыздың географиясымен, тарихымен және әдебиетімен байланысты негізгі оқиғаларды еске түсіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтып, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерін байланыстырды. Викторина қорытындысы бойынша 1 орынды 8В сынып командасы иеленді.