Күз — айнала ашық түстермен боялатын тамаша уақыт және бұл уақыт әсіресе игі істерге шабыттандырады. «БЭСТ» гимназиясының еріктілері ата-әжелерге жылулық пен қуаныш сыйлау үшін «Аяла» қарттар үйіне баруды шешті.
Еріктілер музыка мен шығармашылыққа толы бағдарламаны мұқият дайындады. Әрбір нөмір сүйіспеншілікпен жасалған және ол біздің көрермендеріміздің жүрегін ерітеді деп үміттенген едік.
Егде жастағы адамдармен кездесу сәті нағыз эмоцияларға толы болды . Олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығы оқушыларды шабыттандырды, жылы сөздер мен күлімдеп қарауы нағыз марапатқа айналды.
Ата-әжелер ән айтып, шын жүректен күліп, өз әңгімелерімен бөліскен сәттер балалардың жадында ұзақ сақталады. Бұл оларға кішкене қуаныш сыйлап қана қоймай, көп жылулық сыйлай алатын күн болды. https://www.instagram.com/dom.prestarelyh?igsh=em9xN3FveGtsZXQ3
Бір — бірімізге қамқорлық пен көңіл бөлу әлемді жақсартатынын есте ұстайық. #Біртұтас тәрбие #ерікті