«БЭСТ» гимназиясы» КММ 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік тілде оқытылатын 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттар:
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
қағаз түрінде білім беру ұйымында қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылдың 29 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.

