2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бүкіл ел бойынша 27 мамырда басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылдау                           29 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Баланың құжаттарын egov.kz, электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:

  • Медициналық анықтамалар:

«Иммундау паспорты» № 065-у нысаны

және «Баланың денсаулық паспорты» № 052-2/у нысаны.

  • 3х4 см фотосурет

Электрондық үкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады. Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.

Сұрақтарыңыз болса, call-орталықтарға мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа аласыз: 8 (7152) 46-32-59