8-9 сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі нормалары түсіндірілді. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне, жауапкершіліктің басталу жасына және құқық бұзушылықтардың салдарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымы мен қолданылуына, есірткі қылмыстарының алдын алуға, жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жеке қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты тақырыптар қаралды. Оқушыларға өмірден мысалдар келтірілді, заңсыз әрекеттердің ықтимал құқықтық салдары түсіндірілді, заңды сақтау, қауіпсіз мінез-құлық және жауапты шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар берілді. Әңгіме профилактикалық және түсіндіру сипатында болды, оқушылар қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты.