2026 жылғы 19 қаңтарда гимназияда ҚР ҰҚК Шекара қызметі өкілдерімен әскери жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы білім алушыларды хабардар ету бойынша кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Лейтенант Балахин СА және Туилбаев ҒТ, білім алушылар оқуға түсу шарттары мен тәртібін, кандидаттарға қойылатын талаптарды, оқу ерекшеліктерін және әскери қызметті одан әрі өткеруді түсіндірді. Әңгіме барысында
әскери мамандықтар, кәсіби өсу перспективалары және әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат ұсынылды.