Бұл — гимназияның дамуындағы жаңа кезеңді бастайтын маңызды әрі жауапты қадам. Кәсібилігі, басқарушылық тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті және білім сапасына деген шынайы жауапкершілігі оқу орнының үздік дәстүрлерін сақтауға және жаңа, болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Диана Аманғалиевнаға қызметінде толағай табыс, парасатты шешімдер, ұжымның қолдауы, оқушылар мен ата-аналардың сенімі, сондай-ақ жоғары нәтижелерге жету жолында мол күш-қуат пен шабыт тілейміз!